Аңыздар ✍️
Аңыздар ✍️
03.04.2023
109
«Майдажал»
Майда жалы желпілдеп,
Жүйткиді екен еркіндеп.
Атты ел сосын атақты –
«Майдажал» деп атапты.
Шапса ауада қалқыпты,
Иесі мəз боп шалқыпты.
Сыбызғышы шабысын
Күй ғып сосын тартыпты.
Ұшқыр тұлпар – Майдажал,
Мұндай жүйрік қайда бар?!
Күй болды енді Майдажал,
Шертсең көңіл жайланар,
Дүбірлетіп даланы,
Сыбызғы атқа айналар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter