03.04.2023
  116


Автор: Серікбай Оспанов

Бұғы

Кенде емес көрікке,
Мүйізі тармақты.
Ұқсайды елікке,
Сəл одан салмақты.
Көргенде қимылын,
Тұрар кім таң қалмай?!
Тек біреу құйрығын
Шорт кесіп алғандай.
 
Құлағын түреді,
Шықса адам дыбысы.
Орманда жүреді
Солтүстік бұғысы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу