Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.04.2023
155
Бүркіттің төрт саусағы
Көрдім түлкі алғанын,
Бүріп тұяқ салғанын.
Ел атайды бүркіттің
Тегеурін деп бармағын.
Ол шеңгелін кең ашар,
Қорқып аң, құс, төл қашар.
Сығым – аты жоқ қолы,
Сұқ саусағы – жембасар.
Оған қай құс тең келмек,
Оған бірдей жер мен көк.
Төртіншісі – шынашақ,
Атайды оны шеңгел деп.
Бүркіт осал жаралмас,
Саусағының бəрі алмас.
Тегеурін – ең мықтысы,
Онсыз бүркіт аң алмас!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter