03.04.2023
  157


Автор: Серікбай Оспанов

Қараторғай

Қараторғай қап-қара,
Ұқсас қара тақтаға.
Құртты жейді мыңдаған
Ол бір ғана аптада!
Қауырсыны, түгіне,
Қарама сен түріне,
Сайрайды жан балқытып,
Құлақ түрші үніне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу