Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.04.2023
174
Домбыраның үні
Домбыраның үні –
Оның сырлы тілі.
«Бар, – дейді атам- онда
Елдің шаттық, мұңы!»
Оқ боп кейде зулар,
Ат боп кейде тулар.
Əнші құстай сайрап,
Өзен болып шулар.
Қаңқылдайды қаз боп,
Жадырайды жаз боп.
Ауыл, дауыл, жауын
Жетеді əсем саз боп.
Құлан болып шабар,
Жұлдыз болып ағар.
Тыңдасаң күй,
Қуат
Тал бойыңа тарар.
Көзіңе от жағар,
Көңіліңді табар.
Оның сырлы үні
Баурап сені алар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter