Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.04.2023
909
Ахмет ата арманы
Қиындықта бүгілмеді,
Азап көрді, түңілмеді.
Үйретті елге бар білгенін,
Ахмет ата білімді еді.
Күлімдесе ел күлімдеді,
«Асыл –Ана тілім!» – деді.
Ертеңгі үшін еңбек етіп,
Түнде кірпігі ілінбеді.
Жасы үлкенді «аға» деді,
Жасы кішіні «інім» деді.
Бар қазақты «туғаным», – деп,
Əр баланы «ұлым», – деді.
Алса деді азаттығын
Бар арманы – бүгінгі Елі!
Шырқалды да шындық əні,
Елді кезді жыр-бұлағы.
Күреспен тек өткен күнге
Ескерткіш боп тұрды мəңгі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter