03.04.2023
  1197


Автор: Серікбай Оспанов

Достық

Бірін-бірі қолдаса,
Бірін-бірі қорғаса,
Арасында ешқашан
Ұрыс-керіс болмаса,
Мінездері келіссе,
Бір-біріне сеніссе
Қалса егер кездеспей,
Сағынысып көріссе –
Бұл достықтың белгісі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу