Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.04.2023
131
Бес саусақ
Жан əкемнің көп еді
Қолдан келер өнері.
Шебер, ұста болғанмен,
Бір қолы оның жоқ еді.
Көзіне күн қондырып,
Жүрді бірақ ол күліп.
Қан майданда бір қолын
Кеткен екен оқ жұлып.
Жұмыс бастан асады,
Жонып ағаш қашады.
Бесік, есік, үстелді
Жалғыз қолмен жасады.
Күн артынан өтті күн,
Ал, əкемде жоқ тыным.
Міндет етпеді ешкімге
Бес саусағы жоқтығын.
Ағайындар ұғатын
Мақтан етіп жүрді атын.
Сонда білгем жұмыскер
Əр саусақтың қымбатын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter