03.04.2023
  143


Автор: Серікбай Оспанов

Алғыстар

Мен ертерек еніп ем,
Автобусқа толды адам.
Əжеге орын беріп ем,
– Мұнсыз бол! – деді ол маған.
Бір қолы жоқ ағаның
Бердім үйін тазалап.
Деді ол маған:
– Қарағым,
Бол айтулы азамат!
 
Қарт кісіні көріп ем,
Аташымнан аумайды ол.
Оған сəлем беріп ем,
Деді маған:
– Таудай бол!
Көптен тыңдап келемін
Көрші атаның ертегін.
Тиіп еді көмегім,
– Өссін, – деді, – өркенің!
Риза болып ісіме,
Қарап маған мейіріммен,
Кəмпит берген кісіге:
– Рақмет! – деймін мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу