03.04.2023
  150


Автор: Серікбай Оспанов

Көгершінім

Доспыз біздер қанша жылдан,
Оған күнде шашамын дəн.
Сипалаймын мойынынан,
Аяғының шашағынан.
Маған əбден сеніп болды,
Жалғыз қалсам, серік болды.
Көгершінім сағынған-ау,
Қасыма, əне, келіп қонды.
Зияны жоқ оның жанға,
Ол ереді соңымнан да.
Жолымнан да тосып алып,
Дəн жейді кеп қолымнан да.
Тоңбасын ол жауындарда,
Аман қалсын дауылдарда!
Терезеден еніп қонды ол
Кеудеме мен ауырғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу