Өлеңдер ✍️

  03.04.2023
  132


Автор: Серікбай Оспанов

Ана тілі

Барлық ойың – Ана тілде,
Абыройың – Ана тілде.
Ақыл, нақыл, ол – өнеге,
Ана тілді қанатым де!
Емірентер тілі Анаңның,
Тебірентер тілі Анаңның!
Құлағанның – қамқоршысы,
Жебеушісі – жылағанның.
Жыры, сыры бұл ғаламның,
Шыңы, шыны бұл ғаламның,
Жаны, тəні Ана тілде –
Əлемдегі күллі адамның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу