Өлеңдер ✍️

  02.04.2023
  344


Автор: Серікбай Оспанов

Дінің сенің Ислам

Айналайын, біліп ал,
Тегің,
Елің,
Дініңді.
Дінің – Ислам:
«Білім ал,
Бол – дейді ол – білімді.
Сыйла барлық адамды,
Ардақта өскен ортаңды.
Сүй, – дейді ол – Анаңды,
Қорға – дейді – Отанды».
Табылады не керек,
Ислам – ақыл қайнары.
«Ерінбе, адал еңбек ет,
Бол – дейді – елге пайдалы.»
Көмектесе білгенің
Шаруаға үйдегі,
Жақсы оқып жүргенің –
Елге пайдаң тигені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу