31.03.2023
85
Ер мен Әйел намаздарындағы айырмашылықтар
Намаздың уақыттары, ракағаттар саны мен талап-шарттары ерлер мен әйелдер үшін ортак. Тек әйелдерге тән кейбір ерекшеліктері:
- Қиямда қолын көкірегіне байлайды.
- Такбирде қолын жеңінен шығармаса да болады.
- Алғашқы тәкбирде қолын иығының тұсына дейін көтереді.
- Рукуғта саусақтарының арасын ашпастан бірін-біріне тигізіп тізесіне таянады.
- Рукуғта сәл ғана еңкейеді, яғни рукуғ маңынадейін ғана, оданөтпейді. Сондықтан олардың тізелері бүгілсе зияны жоқ.
- Рукуғта екі шынтағын екі жанында ұстайды.
- Сәждеде қарны санына тиеді.
- Екі аяғын оң жағына шығарып, сол жағымен жерге отырады.
- Сәждеде шынтағы жерге тиеді.
- Дауыстап оқитынды іштен оқиды.
- Азан мен иқамат айтып, жамағат болмайды.
(Мухаммеад Ашиқ Иләһий әл-Бәрнә. «Тасһийл ад Дарурий» (Шәриғат мәселелері 72- 73 б.).
Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйелдердің мешітке баруына бөгет болмаңдар! Алайда, олар үшін үйлері өте қайырлы»» (Мүслим, Саләт, 134-137 б.),
«Әйелдердің намазын сыртта оқығанынан өз үйінде оқығаны абзал» (Әбу Дәуіт, Саләт 53).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter