31.03.2023
  203


Автор: Лашын Әзімжанова

Мебельді ауыстырып қоюды жақсы көретін

… Мұқағали орны бар, еңбегі бар ақсақалдарды қатты сыйлап өтті, алдынан кесіп өтпей, сол адам өткенше күтіп тұратын. Мінезі өте тік, кей адамдар осы үшін де оған қарсы тұрды. Анда-санда Мұқағалидың тік мінезіне менің мінезім де сайма-сай келе кететін. Екеуміз аяқастынан «тіресіп» қаламыз. Бірақ ол райынан тез қайтады. Ақкөңіл, ақ еділ емес пе, үй ішіне кек сақтауды жек көрді. Көбінесе мұндай тіресу бірдеңе жетпегендіктен туатын болу керек. Ол үнемі мебельді ауыстырып қоюды жақсы көретін. Көп мебеліміз жоқ. Мен мектепке жұмысқа кетсем, балаларға столдарды сүрткізіп, орындарын ауыстырып қойыпты. Бірде осындай ауыстырудан кейін бір жолдастың әйелі келіп еді:
– Немене, мебель алғансыңдар ма?– деп жан-жағына қарап қалды.
– Жоқ, ә. Бұл Мұқағалидың жалыққанда істейтін бір физкультуралық жаттығуы ғой,– деп шынын айтып едім, Ғайни қатты таңданып қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу