Ер адамның бесін намазы үлгісі, 4 рәкат сүннет (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)
Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған бесін намазының сүннетін оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!
Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.
Бесін намазының 4 ракағат сүннеті
Жайнамазда, не нәжістан таза жерде жүзіңді құбылаға қаратып, қиямға тұрып, Азан шақырып, батасын жасап, жүрекпен қылған ниетті «иә Алла, өзіңнің ырзалығың үшін, ниет еттім бесін намазының 4 ракағат сүннетін өтемекке. Жүзімді қараттым құбыла тарапына, халисал лилләәһи тағааләә» деп тілмен бекітіп, алақанды жазып құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсағына тигізіп «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып,қол байлап, Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасын оқып, «Аъуузу билләһи минәш-шәйтоо-нир- рожиим, бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Кәусәр» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би- йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъ-ал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан қиямға тұрып, «роб- бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб- би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, сәждеден отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, 1-ші ракағат бітіп, 2-ші ракағатты оқуға қиямға тұрып қол байлап, «Бисмил-ләәһир- рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Ықылас» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» де де, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, сәждеден отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп отыр да, «Әттәхийәт» оқы. «Аллааһу Әкбар» деп намаздың 2-ші ракағаты бітіп, 3-ші ракағатты оқуға қиямға тұр. «Бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Фәләқ» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би- йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп 3-ші ракағатты аяқтап, 4-ші ракағатты оқуға қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмил-ләәһир-рохмәәнир-рохиим» де де, «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Нәс» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би- йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп, руқуғтан тұрып «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде, 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, соңғы отырысқа отырып, «Әттәхийәт, Салауат» оқы да, «Роббәнәә әәтинәә фид-дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн- нәәр. Роббәнағ фирлии уәли-уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп, «Роббәнә» дұғасын оқып, жүзіңді оңға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп, жүзіңді солға бұрып, «Әссәләәму ъәләикум уә рохматуллааһ» деп сәлем беріп, намазды аяқта. Отырғанда 3 рет «Әстағфируллааһ» деп қол жайып, «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс-сәләәму тәбәәроктә иәә зәл жәләәли уәл икраам. «Аллааһу Әкбар» деп бата жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter