30.03.2023
  147


Автор: Намаз

Бес уақыт намаздың реті


  1. Таң намазы: 2 ракағат сүннет, 2 ракағат парыз. Әр ракағатта қиямда «Фатиха» сүресі және 1 сүре не 3 қысқа, немесе 1 ұзақ аят оқылады.

  2. Бесін намазы4 ракағат сүннет, 4 ракағат парыз, 2 ракағат сүннет. Барлық ракағаттарда «Фатиха» сүресі мен 1 сүре не 3 қысқа, не 1 ұзақ аят оқылады. Тек парыз намазының үшінші, төртінші ракағатында «Фатиха» сүресі ғана оқылады.

  3. Екінті намазы4 ракағат парыз. Алғашқы 2 ракағатта «Фатиха» сүресі және 1 сүре не 3 қысқа, не 1 ұзақ аят, соңғы 2 ракағатта, «Фатиха» сүресі оқылады.

  4. Ақшам намазы: 3 ракағат парыз, 2 ракағат сүннет. Барлық ракағатында «Фатиха» сүресі және 1 сүре не 3 қысқа, не 1 ұзақ аят, тек парыз намазының үшінші ракағатында «Фатиха» сүресі ғана оқылады.

  5. Құптан намазы: 4 ракағат парыз, 2 ракағат сүннет, 3 ракағат үтір уәжіп. Барлық ракағаттарда «Фатиха» сүресі мен 1 сүре не 3 қысқа, не 1 ұзақ аят оқылады. Тек парыз намазының үшінші, төртінші ракағатында «Фатиха» сүресі ғана оқылады. Үтір уәжіп: Барлық ракағатта «Фатиха» сүресі және 1 сүре не 3 қысқа, не 1 ұзақ аят оқылады. 3-ші ракағатты оқыған соң, «Аллааһу Әкбар» такбірі айтылып, құлақ қағып, қол байлап, «Құнұт» дұғасын оқып, рукуғқа барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу