29.03.2023
  387


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 3 бөлім

Оларға тесіле қарап қалыппын. Кәдімгідей ашудан жарылайын деп тұрмын. Бірақ неге? Ол жігітті танымаймын. Жәй симпатиямен маған жаза салды, еще сөйлескенде де мазақ қылғандай әбден күлдік. Арамызда ештеңе жоққой? Өзіме бұл сұрақтарды қайта қайта қойдым. Тіптен не істерімді білмедім.

Менің қарап тұрғанымды байқап жанындағы қыз одан сайын, оған қарай жармаса бастады. Мен түк түсінбедім. Жүріп жүрген қызы шығар деп ойладым. Сол жерде тұрып ол туралы барлығын іздестіре бастадым. Қызымен түскен фотосы бар болар деп вк инстаграм, фейсбук бәрін қарадым. Бірақ анасы мен әкесі басқа ешкімді көрмедім. Ол қызды көріп қызғаныштан өртеніп, кетейік деп едім, Аяла мен Назым сәл күтейік. Бірнәрсе болайын деп жатыр деді.

Ортаға бір ер кісі шықты. Түрі таныс. "Ұлым екеуміз жасаған қолөнерлеріміз'' деп, түрлі бұйымдарды көрсетіп жатыр. Сөйтсем ол әлгі жігіттің әкесі екен. Өзі әкесіне ұқсаған екен. Әкесі екеуі айнымайды. Бойлары ұзын, сымбатты. Оларға қарап есім кетіп отырғанда әлгі қыз шошаңдап бір оның қасына барып, қайта қайта ашуымды туғызды.

Ашуым шығып Назым мен Аянаға кетеміз деп кетіп қалдық. Автобусқа отырғанша үндемедім. Біреу сөйлесе айқайлап берейін деп отырмын. Ойлап отырғаным сол еді, Кондуктор келіп, запроезд береміз деп қайта қайта айқайлап, есімді шығарды. Өзім ашуым шығайын деп, ішім қыз қыз қайнап отырғанда, "сонша неге айқайлайсың? Тегін мініп кетеді дейсің бе? Береміз 50 тиыныңды" деп, ашуымды шығарып бір жеңілдеп қалдым. Тағы басқа не айтқанымды білмеймін. Бәрі жан жағымда маған бадырайып қарап қалған.
Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу