29.03.2023
  264


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 5 бөлім

Екеуміздің қанша уақыт сөйлескенімізді білмеймін. Әйтеуір таң ата ояныппын. Сөйтсем телефонды құлағыма тақаған күйі ұйықтап қалыппын. Сағат 8:05. Аяла ана жақта таңғы ас дайындап жүр. Әпкем мен жездем жұмысқа кетіп қалыпты. Аяла келіп, " тез тез тамақтанып алайық, балалар тамағын ішті. Үлкенін мектепке екеуін Садикке апаруымыз керек. Сабаққа кешігеміз бол, тұр" деді. Мен болсам маужырап, орнымнан сүйретіліп, әрең тұрдым.

Аялаға таң қаламын, біреудің тірлігі ғой. Неге сонша бәйек болады екен. Әпкем мен жездем де қуады. Біз нянямыз ба? Ещё ол кісілерге мен ай сайын пәтер ақысын төлеймін. Келерде солай келіскенбіз. Бүгін қайта бірінші пар болмайды. 09:45 те оқуда болуымыз керек. Екінші сабақтан барамыз. Кейінге шегерген бе білмеймін әйтеуір.

Балаларды сабағына, садигіне апарып, оқуға да үлгеріп бардық. Барып алып, барлығы сабақ оқып отырғанда мен ұйықтап кетіппін. Мұғалімнің айқайлаған дауысынан шошып ояндым. "Сабаққа келдің ба, демалуға келдің бе?". деп ұрыса кетті. Кешірім сұрап келген лекцияны қайталап, сабаққа бет бұрдым. Бет дұрыс оңай емес қой, ойымның бәрі басқа жақта. Аңдығаным телефон. Бір уақытта Ватцаптан смс келді. "Қалайсың? Кешке қолың боспа? 5 терде алып кетейін, бірге тамақтанайық" . Бірден ия дегім келді. Бірақ әпкеме не деймін. Үйге кеш барсам, дереу анама жеткізеді. "Не істесем болады? деп ойланып отырдым.
Аяла құрбым
— Өз өмірің не істесең де, байға тимей жатып, біреудің жағдайын жасау дұрыс емес. Жолық. Жақынырақ танысыңдар, мүмкін бағың шығар, мен бүгін жатақханада боламын. Хабарласып тұр, уайымдатпай!- деді. Содан тәуекел деп, оқудан шыққан соң үйге бардым. Үйге келсем тура кешегідей, бәрі жайрап жатыр. Балалар ойнап жүр. Бәрін реттеп, әпкемдердің келгенін күттім. Кешегіден кештеу келді. Сағат кешкі 18:00, мені 17:00 де шақырған. Қайта қайта ватцап тан жазып жатыр. Қазір әпкеме айтамын, былай айтамын, деп отырған менің аузыма құм құйылды. Телефонға қарасам Аяла жазыпты " қалып кетпей бар, өзіңнің өзенің өртеніп жүрмесін". Кешегі күйімді көрген соң, қалып кетті деп ойлап отыр ғой деймін. Өз өзімді қолға алып, әпкеме "мен қыдырып қайтамын" деп үйден шығып кеттім.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу