29.03.2023
  237


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 9 бөлім

Кездесіп болған соң, жатақханаға келе жаттым. Алдымнан әлгі қыз шықты. Мені қайдан тауып ала беретінін қайдам әйтеуір, көзіме күйік болды. "Қанаттың қасында неге жүрсің?" деп, тоқ ете қалды. Ол менің жігітім, деп бұрылдым да кетіп қалдым. Қанат екеуіміз бір-бірімізді қатты жақсы көріп, болашағымыз жайлы жоспар құрып жүргендіктен ол қыз туралы мүлдем ойламадым. Бір күні Қанаттың телефонына хабарлама келді. Әдетте мұндайды кинолардан көруші едім. Ал енді өмірімде... Қанат екеуі суретке түсіпті. Оны маған жіберген. Екеуі түнгі клубта жүр. Екеуі өлесілі мас. Қанат арақты аузыма алған емеспін деген... Мен бұл жәйттен барлығын түсіндім. Енді құр отырудан пайда жоқ. Аялаға жағдайды ескертіп, бүгін жатақханада болмаймын деп кеттім.

Қанатқа қайта-қайта хабарластым. Бірақ ол көтермеді. Қайдан іздерімді де білмедім. Ақырында телефонға жауап берді. Бірақ телефонды алған әлгі қыз. "Бізді көргің келсе мына мекен жайға кел" деді. Баруға батылым бармады.

Жатақханаға қайтып кеттім. Сол күннен соң Қанаттан мүлдем хабар жоқ. 5 күндей уақыт өтті. Қатты мазасыздандым. Не де болса аман болсыншы деп тілеп жүрдім. Бір күні өзі хабарласып,әлгі қыз(есімі Феруза) екеуінің арасындағы болған жағдайды айтып берді. Ол маған сусыныма дәрі қосыпты, содан есімді білмеймін. Өзі мен оянған соң бәрін мойындады. Сені әдейі келтірмекші болыпты. Жан жақтың бәріне шам жағып, типо романтикалық кеш болды деп ойласын депті, ал сен келмегенсің, ойы жүзеге аспаған. Ол да сені күтіп ұйықтап қалған. Таңертең мен оянып жан жағыма қарап таң қалдым. Арамызда ештеңе болмаған мен оны білемін. А ол, мені көрмесін деп тез арада бәрін жинап жатыр екен. Мен барлығын көрдім. Мұны не үшін жасадың деп, ақыры ойындағысын біліп алдым, деді Қайрат. Бірақ ол менен оңайшылық пен айрылатын түрі жоқ. Ата анаңмен танысамын деп қайтпай отыр. Екеуіңді де ата -анам мен таныстыруға апарамын. Олар қайсысыңды қабылдайды, сол қызды үйге орамал жауып кіргіземін, деді. Шынымды айтайыншы, таң қалдым...

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу