29.03.2023
  244


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 10 бөлім

Қанат жүзімен қарап, кімнің үйге келін болып қадам басатын өзіңде біліп тұрсың. Ата ананың жүрегі сезеді, кімнің қандай адам екенін, деді. Оның әрбір сөзі маған ерекше қолдау. Сондықтан болашақ ата енеммен танысу үшін дайындалдым. Бірінші Ферузаны апарды. Оны анасы кіре сала анасы сұрақтың астына алыпты, шәй құйысын сынап, сөйлегенін, отырысына қарап,(Қанаттың айтуы бойынша) былай айтқанда ұнатпағанын ашық айтыпты. Одан соң мені алып барды. Есіктен кірген бетім сол еді, анасы келе ғой қызым деп, отырғызып, жақсы әңгімелен айтып, жүзімді қуанышқа толтырды. Бірден құда түсіп, сырға салу рәсімі болды. Үйден ұзатылып шықтым. Көп ұзамай тойымызда болды.

Біраз уақыт өтті. Оқуымды бітіріп диплом алдым. 9 айдан соң, шекесі торсықтай ұл бала дүниеге әкелдім. Бір күні Қанаттың телефонына смс келді. "Ұлды болыпсың құттықтаймын, мен де күйеуге шықтым" депті. Оған қуанғаным мен Қанат әлі де онымен сөйлесіп жүр ме деп, қатты күмәндандым. Бірақ Қанат оны көріп, қуанып кетті. Мазамды алып жүр еді, ақыры кетіпті ғой деп, көз алдымда нөмірін ауыстырып, оны блокқа тығып тастады. Оған менде риза болдым.

Нағашы әпкемнен кешірім сұрап, анам екеуін татуластырдым. Енді барлығы жақсы деген ниеттемін. Қазір екінші рет ата ана атандық. Бір қыз бір ұлымыз бар. Шүкір бақыттымыз. Алла басымыздан айырмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу