АЗАН АЙТҚАН УАҚЫТТА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР
Азаншының сөздерін қайталап, тек “Хаийә ъаләс- саләһ” және “хаийә ъаләл фәләх” дегенде:
“Лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһ” – дейді.Азаншы куәлік сөздерін айтқанда азан естуші:
“Уә әнә әшһәду әллә иләһә әлләллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әннә Мухаммәдән ъабдуһу уа расулуһ, радыйту билләһи раббән, уә би Мухаммәдин расулән, уә бил – исләми динән”. Мағынасы: “Мен де Алладан басқа ешбір тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ екендігіне және шынында Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін. АлланыРаббым, Мұхаммедті (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарым, Исламды - дінім деп ризалық білдірдім”- дейді.
Азаншының айтқан сөздеріне жауап қайтарған соң Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтады.
“Аллаһуммә раббә һәзиһиддәъуәтит тәммәһ, уәссаләтил қаимәһ, әти Мухаммәдәнил уәсиләтә уәл- фадыйләһ, уәбъасһу мәқамәнМахмудәнил- ләзи уәъадтәһ, [иннәкә лә тухлифул- миъад]”. Азан айтылып біткен соң былай делінеді, мағынасы:
“Ей, Алла! Сен осы толық азанның әрі осы орындалатын намаздың Раббысысың! Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әлуәсиләні (уәсилә- жәннаттың атауы) және жоғары дәрежеңді бере гөр! Әрі Оны Өзің уәде еткен мақтаулы орынға бағыттай гөр!” [Шын мәнінде сен уәдеңді бұзбайсың].
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter