Өлеңдер ✍️

  27.03.2023
  1939


Жарамазан

Айтамын жарамазан есігіңе,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.
Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе,
Кім келіп, кім кетпейді есігіне?

Айтамын жарамазан есігіңе,
Қыз берсін құндыздай ғып бесігіне.
Қыз берсе құндыздай қылып бесігіне,
Береді Алла бірге нәсібінде...

Айтқанда Жарамазан тоямыз ба?
Кәдесін бұрынғының қоямыз ба?
Қой берсең, қозы берсең жарасады,
Апарып ауыз ашарға соямызда.

Меккеде бір ағаш бар,
Басы күйген.
Жайылып жапырағы
Жерге тиген,
Осы үйде бір адам бар
Құдай сүйген,
Ол адамның сауабы жұртқа тиген.

Айтамыз Жарамазан керегеңе,
Тілеймін шексіз тілек Берекеңе,
Тіленсе шексіз тілек Берекеңе
Ілінер берекелер керегеңе...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу