24.03.2023
  255


Автор: Әсерлі әңгімелер

Теріс бата - 4 бөлім

Іштей қайғырғанымен бәрі орнына қайтып келмейтіні белгілі. Қайнысыда шамасы келгенше көмектесіп жатты. Бұл жақта елдің бәрі егіншілікпен айналысып күн көреді екен. Қайнысының шағын күн көріп отқан бау-бақшасына көмектесіп, басқада бақшасы бар жандарға күріш, ұнға келіскен Ғанидың жесірі, өмірлері жақсармасада, күнделікті тамақтары жеткілікті болғанына қатты қуанды.

Бұл жақта анау айтқандай қыс қатты болмайды екен. Өзге мемлекетте бірыңғай көкеністен жасалатын тағамдар, дәмі тіл үйіретін кепкен жеміс-жидектер. Бастапқыда бәрі таңғалып жүрді. Шыны керек өмір бақи мал бағудан көз ашпаған еді. Той болғанда мұндай кепкен жемістерді көргені болмаса, дәмін татып көрмеген балаларда қайта- қайта жей береді.

Қайнысының елден көшкендеріне төрт-бес жылдай болған. Әбден сіңісіп, жағдайлары оңалған.Жеке жерлеріде бар.Жеміске толы әжептеуір бақшасыда бар. Қазақстандағыдай мүшкіл халде өмір сүріп жатқан ешкімді көрмейсің бұл жақта. Неге десеңіздер, бұл жақтың жері сондай құнарлы болғандықтан, бау-бақша ексең құлпырып шыға келеді. Мал баққаннан бау-бақша екенің әлдеқайда тиімді екен.

Үш ай бойы еңбектенген Ғанидың жесірі, күзде біраз өнімге қарқ болды. Алғаш рет артық азықтары бар. Қайнысы мен келіні сондай жақсы жандар. Келген бойда, шағын екі бөлмелі сарайларына берген еді. Енді міне шағын жер сатып әперді. Келесі көктемде өз бау-бақшасы болмақ. Бұндай қуанышқа қуанған Ғанидың жесірі, еріксіз жылап, келіні мен қайнысына алғысын жаудырумен болды.

Қыс айы басталды. Ана жылғы қыста қиналғандай, бұл қыста еш қиналмай, күз бойы жасаған түрлі тосаптар, жинағае азықтарымен өмір сүрді.

Тағыда көктем келіп, қуаныштан бал—бұл жайнаған Ғанидың жесірі, балаларымен өз бақшасын гүлдендірді. Шырайлы жерді әперген қайнысына күні-түні іштей алғысын айтуда." Сол бір қайным болмағанда қазір Қазақстанда аштан өлетін едім "деп кейде ешкімге көрсетпей көз жасын сығып алады. Қайнысы шыныменде өте мейірімді жан еді. Ет алсада жартысын осы үйге әкелетін. Ағасының балаларын өз балаларынан кем қылмай өсірді. Ағасының жаназасына келе алмағаны үшін қатты өкінеді екен. Ағасы қайтыс болғанда,інісіне хабар бере алмады. Хабар беретіндей, ол кезде телефон мүлдем жоқ. Хат жазуға жеңгесінің сауаты жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу