24.03.2023
  200


Автор: Әсерлі әңгімелер

Теріс бата - 10 бөлім

—Сен неге мені осы күнге дейін іздемедің?-деп ренішін айтқан қызға, ештеңе деместен Ерсін құшақтап алды. Қанша жыл күткен ғашығынын ыстық құшағы, сол баяғыдай. Өзін бақытты санаған екі туыс, Алматы түнін аралап, төсекте қайта табысты.

Сол күннен бастап, Айжамал мен Ерсін ешкімге айтпай, заңды түрде некелерін қиып, ерлі-зайыпты болып тұрып жатты. Ұлдарының хат хабарсыз кеткеніне уайымдаған әке-шешесі Алматыға келіп, милиция бөлімшелері арқылы Ерсінді, яғни тұрып жатқан мекен-жайды тауып алды.
Кешке қарай екі ғашық қол ұстасып, подезд алдына шыққаны сол еді. Ерсіннің әкесімен бауыры алдыннан шыға келді. Айжамалды көрген бойда, бар ашуын алған әкесіне қарсы шыққан Ерсінге бұлай өмір сүруге болмайтынын айтсада, тыңдамады.
Қатты ызаланған әке сол жерде #теріс бата берді.

Ерсін Айжамалды құшақтап:
—Ертең бәрі ұмтылады. Біз бәрібір бақытты боламыз!-деп жұбатуда.

Айжамал алты жылдың ішінде жеті рет құрсақ көтеріп, түсіп қалатын. Соңғы көтергені түсіп, тоғыз айда мен өмірге келіппін. Бірақ менің аяқтарым жетілмей қалған мүгедек болып туылдым. Бұл әрине әкем мен анамның туыс болуының кесірі. Он жылдан соң әкем жүрек талмасынан өмірден өтті. Анам әлі күнге дейін, менің барлық жағдайымды жасайды. Анам мен әкемнің махаббаттары берік болғаны соншалық, бірде-бір рет ұрысқандарын көрмеппін. Арасында туыстарын сағынып жабырқайтындары бар. Бірақ бір-бірін еш уақытта ренжітпеді.Тек ажал ғана екеуін айырды. Ұлының қазасына атам мен нағашы әжем келді. Маған тек аянышты көзбен қарап, анамада мағанда ештеңе демеді.
Бұл жағдайды кейіннен анам үтір, нүктесіне дейін айтып берді. "Менің осылай өмірге келгеніме, анамның жүрегі ауыратын білемін. Менің тағдырым осылай болғаныда. Бастысы мен ауру болсамда, бақытты отбасында өстім. Анам барлық жағдайымды жасайды.Сол үшінде әкем мен анамның махаббаттары жүрегіме қатты батты. алатындай ештеңе болмасада, әкем мен анамның махаббаттарын баяндағым келді. Артық кетсем кешірім сұраймын"деп кейіпкер әңгімесін аяқтады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу