23.03.2023
  209


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ұры қыз - 10 бөлім

Бірақ үйде көп ұрыс болды. Үйдің берекесі кетті. Әркім ақшасын өзі ұстап, жөндеріне кетті. Бірақ оған налып жатқан мен жоқ едім. Сөйтіп жүріп, аяғым ауыр болды. Толғаққа шыдай алмай кестіріп, алдым. Қызды болдық. Оған назданып қаншама ай төсегімнен тұрмай жаттым. Екі көзім телефонда. Интернетте түрлі жұмыстарды істеп көрейін деп шетінен күйеуімнен ақшасын сорып жаттым. Анам ақша сұраса да, әпкем, ағам сұраса бере салатын едім. Мендей келін жоқ шығар. Ата енем мен күйеуімнің соры болдым. Оны кейіннен түсіндім.

Бір күні ставка тігу арқылы ақша ұту жайлы көріп қалдым. Басында 2000 тг салып 4000 тг ұттым. Кейін бірден көп ақша салдым. Одан екі есе ұтатын шығармын деп ойладым. Бірақ олай болмады. Күйеуімнің ақшасын жоқ қылдым. Жұмысқа барып келетін бензин пұлда, қызға памперс алатын ақша да қалмады. Мүмкін емес мүлде қалмады. Кейін кредит алуды жөн көрдім. Күйеуімнің атынан телефоннан паспорты арқылы кредит алдым. Себебі менің жасым жетпейді. Бір түннің ішінде қаншама кредит алып қанша ставкадан ұтылғанымды білмеймін.

Ертесіне енеме хабарландыру келген. Сөйтсем енемнің банктерден связы бар екен. Дереу күйеуіме қарады. Оған бас салып ұрысып, бір түнде сонша миллиондарды неге ала бергенсің деп.. күйеуім маған қарап, мен болсам үнсіз жерге қарадым. Енем сол күні үшеумізді өз күндеріңді өздерін көріндер. Маған енді жолаушы болмаңдар деді. Содан қарызға квартира жалдап, күйеуім мен құртқан ақшалардың өтеуі мен квартираға, жол ақысына ақшасын әрең жеткізіп жүр. Ал қызымның жәрдемақысына памперс пен азық түлікті әрең аламыз. Қызым бірге толған соң Садикке беріп, менде жұмысқа шықпақшымын. Қатты қиналдық. Шарасыздық. Неге сол ойынды ойнадым екен? Неге басым айналып шыға алмай қалдым? Тіпті түсінсем бұйырмасын. Бір түсінгенім мұның барлығы өткен өмірімнің маған берген өтеуі болды. Тағдырдың мендей қайырымсыз пендесіне берген сынағы болды...
Әліде сол қарыздан құтыла алмай күн көріп келеміз. Күйеуіме Алла күш қуат берсін ?Мені тастамай бағып келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу