22.03.2023
  417


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос перзентін мүгедек еткен отбасы - 3 бөлім

Анасы ұзақ уақыт шықпаған соң, үйге кірген қыз байғұстың үстел үстінде тұрған мантыны көріп жүрегі тоқтап қала жаздады. Ағасы асыға бұралақтап ауызына тығып жатыр, әкесі енді ғана үстелге жайғасқан секілді " Бисмиллә " сын айтып қолын тамаққа соза бергенде Сабина айқайлап жіберді.

- Жоқ, жемеңіз. Анашым ол мантының ашып кеткені қайда? Оны неге ағам мен әкем жеп отыр. Итке береміз дегеніңіз кәне?

- Қызым соған бола сонша айқайлап не көрінді? Сен кішкентай қызсың. Тамақты аз жесеңде болады. Ал әкең мен ағаң таңнан кешке дейін жұмыс істеп жүр. Қарындары ашып қалады. Кел мен саған сүттен сүйікті ботқаңды дайындап қойдым.

- Әке, аға жоқ жемеңіздер.

Сабина жүгіре барып тарелкадағы мантыларды жерге аударып тастады. Балжан қатты ашуланып қызының құйрығынан шапалақ пен салып жіберді.

- Ақымақ қыз, тамақты неге төктің? Үндемеген сайын басыма шықтың ғой.

- Анашым ағама қараңызшы.

Балжан жалт бұрыла қарап еді, ауызынан қан сорғалап жатқан ұлын көріп абдырап қалды. Сабина бұрынғысынан да қатты шошып кетті.

Балжан мен Серік не болғанын түсіне алар емес. Балжан қызын жұлқылап қояр емес.

- Сен қыз не істедің? Ол тамақтың ішінде не бар? Айт жаныңның барында.

- Анашым мен, мен...

- Айт деймін саған.

Қызы мен дауласып тұрғанда Ерқанат есінен танып құлады. Серік жедел жәрдем шақырып қойған болатын. Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп ауруханаға алып кетті. Балжан ашуға бой алдырып, өз әрекетіе бақылай алмайтындай күйде болатын. Ашу үстінде кішкентай қызды есік алдындағы қоймаға қамап кетті. Шұғыл түрде Ерқанаттың бірнеше ішкі құрылысына ота жасалды. Ұлын уайымдаған ата - ана қыздарын мүлдем ұмытып кетті. Түні бойы ауруханада болып таңға жақын үйге келген соң ғана Сабина есіне түсіп Балжан жүгіре қоймаға барды. Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу