Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.03.2023
538
Жүріңді өлтір!
Мен өз уақытымды жіберіп алғам,
Қадіріңді біле алмай сенсіз қалғам,
Өмірімде бір белес күтіп тұр ау.
Бірақ сенсіз сол шыңға қалай шығам?
Өмірімде үлкен бір өзгеріс бар,
Бірақ тағы сенсіз ол келе жатқан,
Болашағым сенсіз құралуда.
Тек жүрегім үйрене алмай жатқан.
Көңіл бөлгем өзіңен аямадым,
Бұл өмірде сенімен ауырғанмын.
Емделмейтін бұл дерт махаббаттым,
Ешкімненде жұқтырып алмадым.
Уақытымен өзі келген махаббат.
Неге өзі уақытымен қоштаспайт,
Әлде оның кезегі келмедіме,
Бұл недеген өлмейтін махаббат.
Ғашық жүрек жылайсың сен несіне?
Сендік уақыт артта қалды өткенінде,
Не болсада махаббаттан күйіктенбе,
Өмір заңы қиналуда дегенбе.
Шын ғашығың қосылмайды ешқашан,
Өмірі қарамайды ол саған,
Бұл жүректі өлтіргенің дұрыс ау,
Құр ауаға соққызғанша қайтадан...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter