Өлеңдер ✍️
Фантазия
Кім бар еді мені айқын түсінген,
Күндерім көп сені ойлап күрсінген,
Қолдарымды жаспен жудым төгілген,
Меніңде жүрегім бар өзіңді іздеген
Өзіңді ойлап қара кеште түнерген,
Бұл өмірде дым қалмады өзгермеген,
Тек мен қалып кеттім өткеніммен.
Менде бар өткен шақпен ауыратын
ауру,
Болашақты ойлай алмай тек өзіңді
сағыну,
Барлық әлем жойылсада сені сақтап
қалу,
Өмір деген алыс жолға қол ұстасып
аттану,
Болашақта бірге жайнап бір арманға қол
созу,
Маған қазір керегі сол мәңгі бірге
болу,
Бір отбасын құрып алып, көк аспанда
самғу.
Уақыт бітсе бұл өмірден мәңгі бірге
аттану,
Жараланған жүрекке түсіндіріп
жұбату
Көздеріңмен көздеріңді мөлдірете
қарату.
Бұндай махаббатқа жүрегімді
шыдату.
Бұл өмірдің заңдарына таң қалу,
Мына сенің сұлулығыңа тамсану,
Тек өзіңнің алдыңда қысылмаймын,
Сен бірақ ертерек жолықпадың.
Жәй ғана орындалмас армандарым,
Өңіме айналмаған Фантазиямсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter