Өлеңдер ✍️

  19.03.2023
  287


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ол жылдары махаббат

Ол жылдары махаббат,


Лаулап жанып тұрғанбыз.


Жастық-шақтың отымен,


Бір уәдеде тұрғанбыз.


Бірге жүріп мәңгіге,


Өмір мәнін ұққанбыз.


Шаршадыңба?Қарағым.


Шаршадыңба?Сен менен.


Айтып өлтір ендігі,


Менде шыдап тұрармын.


Қайран өткен уақытта,


Бірге жүріп болғанбыз,


Қосылмаған өмірде.


Шын ғашықтар боламыз,


Түсінікті жалғызым...


Түсінікті сүйіктім.


Махаббаттың кеткенбе?


Уақытында өмірдің.


Қысылмай ғана айт маған,


Өкпелемейм сөкпеймін.


Уәдемізде біткенбе?


Уақытымыз келгенбе?


Сол жылдары ыстық күн,


Аяз қысқа түскенбе?


Бірге көріп барлығын,


Бір сынаққа шыдармыз.


Ашық шуақ жарық түн.


Қаңырап қалған шығармыз,


Суық боранға шыдамай,


Жалынынан айырылып.


Мәңгі түнеріп қалғанбыз,


Эх дүние осыда...


Қосылмайтын шығармыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу