17.03.2023
141
Зекет немесе малын кірлеу – мал садақасы
Зекет те – жылына бір рет берілетін дәстүрлі садақаның түрі. Яғни жиған мал-мүліктен мұқтаждарға берілетін көмек. Оны қазақтар "малдың кірі" немесе "малын кірлеу" деп атаған. Бұл да азаматтың әлеумет алдындағы жауапкершілігін білдіреді. Бай өз малын "адалдап" алса, кедейлер алдындағы борышын өтеген болады.
Зекет (араб.: زكاة – тазарту) – мұсылмандардың бес парызының бірі, яки мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндетті садақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін зекет ретінде беруге міндетті. Дерек Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter