16.03.2023
  530


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ажал тұзағы - 1 бөлім

Инстаграм желісінде жекеге келген хаттарға шолу жасап отырып мына бір хат көзіме оттай басылды.

« Гүлжайна ханым сізге өз басымнан өткен оқиғаны баяндасам әсерлі етіп бір әңгіме жазып шығарасыз ба? Мүмкін мен секілді адасып жүрген жандар болса оқып сабақ алар. Ананың қадірін дер кезінде ұғынатын болар.Өзегімді өртейтін мына бір өкінішімнен құтыла алсам шіркін.Сізге баяндап бір жеңілдеп қалармын,мүмкін? »- деген екен.

Өз көзіме өзім сене алар емеспін.  Парақша иесінің атын қайта-қайта оқып таңданып отырмын.  Парақшасына кіріп суреттерінде қарап шықтым. Ия, расында да ер адам. Ер адам қалайша өз қатесін мойындап тұр?  Маған хат жазатындардың арасында ер адам сирек кездеседі.

« Жарайды, тыңдап көрейін, жазуға келсе неге жазбасқа»  -дедім.
Осылайша бұл әңгіменің авторымен әңгімеміз ватсап желісінде жалғасын тапты.

Ол кісінің атынан сіздерге көпке сабақ болатындай әңгімемді ұсынамын.

Есімім Бағдат. Жасым қырыққа таяп қалды. Сонда да әлі күнге дейін жападан жалғыз күн кешіп келемін.  Үйленбедім емес жастықтың жалындап тұрған шағында жиырмаға таяған кезімде отау құрдым.  Әсем есімді сұлу бойжеткенге ессіз ғашық болып « жассың ғой»  - деген айналамдағы адамдардың сөзін құлағыма ілмей сүйіктімді еркінен тыс алып қашып келдім.
Сол кезде өзім он тоғыз жаста болсам, келіншегім он сегізге әлі толмаған болатын. Мен кішкентай кезімде әкем апаттан қаза болған. Анам мені жалғыз өзі ешкімнен кем етпей өсірді. Анам мен және де Мария әжем (әкемнің анасы) үшеуміз бірге тұрдық.Әжем үнемі « сен әкеңнің аманатысың. Сені көзімнің қарашығындай сақтаймын» деп мені жан баласына жолатпайтын. Мені еш жерге жібермеуші еді. Әкемнің артында ұрпақ қалмай қалуынан қорықса керек сірә. Бар тәттіні менің аузыма тығып отырушы еді. Менің кесірімнен байғұс анама күн көрсетпейтін. Күндіз-түні қызғыштай қорғап жүруші еді.« Балаңа қара» деп анамды еш жерге жібермейтін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу