16.03.2023
  236


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сүйгенімді тастап сор болдым - 1 бөлім

Жаз айында бір отбасының тұңғыш қызы болып дүниеге келдім. Кішкентайымнан алғыр әрі ақылды болып өстім. Мектепте үздік оқушы едім. Өзімде келісті ұзын бойлы, сүйкімді қыз болдым. Көп жігіттің назары менде болатын. Оған мән бермей жүрген менің ойымда тек оқу болды. Әкем ауылдың беделді кісісі. Маған үнемі "қызым оқы, оқыған адам жерде қалмайды. Өз өзіңді оқысаң ғана көтересің. Жақсы өмір сүремін десең - ОҚЫ" дейтін.

Әкем мені оқуды бітірген соң беделді бір оқу орнына түсірді. Мен бәрінен ең жоғары болдым. Тестілеу, сынақ, тағы басқа іс шаралардың ең алды болдым. Сол уақыттары бір жігітпен дос болып кейін сезіміміз махаббатқа ұласты. Оның маған деген көзқарасы өте ерекше болатын.

Екеуміз қаншама уақыт бірге жүрдік. Сабақтан босай сала екеуміз бірге көңіл көтеретінбіз. Бірдей киімдер алып, кешкі асқа одан қоса бірге жиындарға бардық. Екеуміздің достарымыз бір. Екі жақты толық танимыз десем де болады. Ең бастысы ол менен ештеңе аямайтын. Не қаласам соны әперетін. Мені сыйлап, бар айтқанымды жасайтын. Болашағымызды жоспарлап жүретін едік. Ол маған "менің келіншегім боласың, көп балаларымыз болады. Ең бақытты жанұя боламыз" дейтін.

Әкем маған үлкен сенім артты. Әкемнің өтінішін жерге тастамай мұғалім болдым. Оқуды бітірген соң, әкем керекті қаражатты құйып мені колледжге жұмысқа орналастырды. Жаңа жұмысым өзіме өте қолайлы болды. Колледж студенттеріне сабақ беріп, үйренісіп те кеттім. Декан ағай менен, менен жоғарыдағы ұстаздар менің жас болсам да білікті маман екенімді көріп таң қалысты. Оған менде ризамын. Әкешіме осы жаңалықтарды айтқанымда қатты қуанды. Себебі, менің жетістігім әкемнің жетістігі. Жұмысқа тұрғаныма да бір айдың жүзі болды. Алғашқы жалақымды алдым. Ауылға қарай баруға асықтым. Әкешіме барып қуанту үшін. Бір тиынымды да жаратпастан барлығын әкеме бергім келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу