16.03.2023
  107


Автор: Ораза

Онкологиялық ауруға шалдыққандарға ораза ұстау міндет пе?

Бұл адамдар егер өмір бойы мүлдем ораза ұстауға шамалалары жетпесе әр күні үшін фидия өтемін өтейді. Оған қатысты Алла тағала қасиетті Құранда: "Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер болса бір міскіннің (бір күн) ішетін тамағын (күнде) беріп тұрсын" делінген. Фидияның мөлшері пітір садақаның мөлшеріне саяды. Яғни оразаның әр күні үшін бір міскінге мына төмендегі төрт түрлі азықтың кез-келген біреуін немесе соның құнын береді:



  • Бидай ұнының міндет болған мөлшері: 1 кг. 459 гр. немесе осы мөлшердегі құны;

  • Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны;

  • Мейіздің уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны;

  • Құрманың уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны.


Бұған да шамасы жетпейтін кісілер фидия беруге міндеттелмейді. Ал кей күндері ораза ұстауға шамасы жеткен адам сол күндері ораза ұстап, қалған ұстамаған күндерінің қазасын шамасы келген күндері өтейді. Бұларға фидия өтемі рұқсат емес. Ал енді бұл адамдардың кейбірі жаз мезгілінде күннің ыстық болуына байланысты ораза ұстауға шамасы келмесе, қыс мезгілінде жазғы оразаның қазасын өтейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу