16.03.2023
  151


Автор: Ораза

Екпе егу, ине салу оразаны бұза ма?

Шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды.


Қазіргі заман ғалымдары екпе арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) деп екіге бөліп қарастырады. Осыған орай, емделу және аурудың алдын алу мақсатында денеге (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) ине шаншып, ішке ас-судың орнын баспайтын пенициллин, инсулин, екпе, дененің белсенділігін арттыратын, ауырсынуды басатын, денені мұздататын, дене қызуын кемітетін дәрілер мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды. 


Екпе адам ағзасына жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егіледі. Ол қажетті азық немесе ағзаға қуат беретін дәрумен емес. 


Ораза тұтатын адам алдымен дәрігерден қандай дәрі екенін сұрап білуі керек. Ораза кезінде қатты қажет болмаса, дәріні ауыз ашқаннан кейін немесе рамазан айынан тыс күндері алған дұрыс.   




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу