Не үшін оқып жатқаныңды түсіну
Білемін, біреулер үшін мақсат қою, миссияны анықтау оңай емес. Бірақ, не үшін оқып жатқаныңызды білсеңіз, қай мақсатқа жеткізетінін түсінсеңіз, қиналған шақтарда тастап кетпеуге көмектеседі. Әрі дұрыс кітап таңдай аласыз.
Жай кітап оқу үшін ғана әйтеуір бір кітап оқи салу - жөн емес. Бір пайдасын келтіру керек. Сондықтан, қажет сала бойынша бір мақсатқа әкелетін кітап оқысаңыз, күніге екі беттің өзі - әжептәуір даму.
Кем дегенде өзіңізге "бұл кітапты не үшін оқимын?" деген сұрақ қойып, жауап беріп алыңыз. Әйтпесе, мәнсіз әдет ұзаққа бармайды.
Ең бастысы, шабыт ауғанда ғана емес, тұрақты түрде дамып, үйреніп отыру.
"Аз-аздан болса да, бірақ тұрақты түрде орындалатын амал - амалдардың ең жақсысы" Хадис
P.S: осы сынды тақырыптар инстаграм аккаунтымда қозғалады. Кіріп көріп, жазылыңыз: @abilkaiyr_madiuly
Келесі бетті скриндап, телефон бетіне заставка қылып орнатсаңыз, оқығанды орындауға көмектеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter