06.03.2023
  119


Автор: Әбілқайыр Мәдиұлы

АЙНАЛАНЫ ПАЙДАЛАНУ

Күнделікті іс-әрекеттер бар ғой? Сіз бәрібір жасайтын, өзіңізді қинап жасауды талап етпейтін. Мінекей, соларға жаңа әдетті байлау керек.


 


Төсекті жатар кезде бәрібір ашасыз. Демек жастықтың үстіне кітап қойыңыз. Жатар алдын былай алып қою үшін қолға аласыз. Қолға алған екенсіз, екі бет оқи салу жеңіл.


 


Диванның басына қойып, 2 беттен (!) оқып отырып, бір діни кітап аяқтағанмын Нұр-мүбәракқа дейінгі


жылдары. Жұмыс жасайтын әдіс.


 


Қалтаға тәспі салып жүру қолды қалтаға салған сайын тәспі тартуға итермелейді. Жайнамаз үстіне құран мен тақия қою намаз оқыған сайын бір бет құран оқып отыруға, әрі намазды тақия киіп оқуға итермелейді. Қолға кітап ұстап жүру кезек күткенде кітап оқуға итермелейді. Үнемі көйлек ішінен мойынға наушник салып жүру подкаст тыңдауға итермелейді.


 


Жатақхана жоқ жылдары ванна бөлек болатын. Ваннада жылу трубасының үстіне сөздік қойып, тіс жуған сайын 2 сөзден жаттап, араб тілінің кішкентай сөздігін жаттағанмын.Көріңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу