06.03.2023
  158


Автор: Әбілқайыр Мәдиұлы

ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН КІТАП ТАҢДАУ

Әкем кітапты былай таңдайды: қызықтырған саладағы кітапты алады да, ортасынан кез-келген бетті ашып оқи бастайды. Кітап желісі Сізді тартып кетсе, автор тартымды, түсінікті жазады, айтып жатқаны қызықты деген сөз.


 


Егер ондай кітап тапсаңыз, тәсіл деп аса бас қатыру шарт емес. Өздігінен қызығып оқып кетесіз. Оқытпай жатса да, тығылып оқисыз. Сіз шын қызығатын нәрсеге қатысты, тілі жеңіл, қызықты болса болды. Психология, бизнес, әдеби шығармалар солай болып жатады.


 


18 жастарымда дебат ойнап, халықтың алдына көп шығатынбыз. Бізге қызық. Ағам көріп, шешендік өнер жайындағы кітап сыйлады. Тілі жеңіл, қызық, көпшілік алдында сөйлеуге қатысты. Өз бетіммен қызығып оқыған алғашқы кітабым сол болды.


 


Кітап Сіздің деңгейден сәл ғана жоғары болу керек. Тым ауыр болса, түсінбей сағыңыз сынады, тым белгілі нәрселер жайында болса, іш пысады.


 


Ал егер аса алып кететіндей емес, бірақ керек кітап болса ше?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу