Өлеңдер ✍️
Әйелдер-ай
Әйелдер-ай, ақ шуақ арайсыңдар.
Сәуле шашып нұрлана қарайсыңдар.
Өздеріңсіз өмірдің мәні барма?
Көңілге күй беретін сарайсыңдар.
Әйелдер-ай, аспанда жұлдызсыңдар.
Суда жүзген құбылып құндызсыңдар.
Әрбір ақын армандап шабыт алған,
Бекторыдай қол жетпес қырмызсыңдар.
Әйелдер-ай. Әйелдер арусыңдар.
Ержігітті қорғайтын қарусыңдар.
Кеуде керіп шығатын сын сағатта,
Түскен кезде ұлтына ауыр сындар.
Әйелдер-ай, аяаулы аналар-ай.
Сеннен туған дара мен даналар-ай.
Бірер күнге кетсеңдер қасымыздан,
Боп қаламыз қараусыз балалардай.
Әйелдер-ай, шынымен мерейсіңдер.
Дүниені қызыққа бөлейсіңдер.
Сендерсіз дастарқаның жайылама?
Жаны жайсаң әрқашан егейсіңдер.
Әйелдер-ай, тұп-тұнық бұлақсыңдар.
Шаңырақтан төгілген шуақсыңдар.
Айырмасын ерлерді, әйелдерден,
Ханға да, қараға да қуатсыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter