Өлеңдер ✍️

  03.03.2023
  644


Автор: Болат Құрсақбай

Көктем келді

Көктем келді.
Маужыратып, нұр шашып көкпен жерді.
Ызғарынан құтылып қысқан қыстың,
Сағыныппыз көктемде өпкен желді.

Көктем келді.
Қиқулаған үйрек, қаз көктен келді.
Жерге қонбай аспаннан көз салады,
Емірене егіншілер еккен жерді.

Көктем келді.
Төбелермен тершітіп тепсең жерді.
Теріскейге жасырынып қасат қарлар,
Күн нұрына босатып жеткен жерді.

Көктем келді.
Көктеуіне көресің көшкен елді.
Бес тоғыс, Отамалы, Құс қанаты,
Алып келді баяу ғана ескен желді.

Келді көктем, осылай күндер өткен.
Ауыспалы өмір ғой бізге жеткен.
Бір Алла бар, мәңгілік ауыспайтын,
Бұл өмірден Хан да өткен, қара да өткен.
Әлі талай ағайын келер көктем.

Болат Құрсақбай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу