Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2023
468
Жеңілмей қайтем?
Кербез көңілім қалайды нені?
Шаттығы кетіп, жыларман күйде.
Алыстан ғана қарайды мені,
Алдайды солай бұл арман кейде.
Асқынып іште жараны қалған,
Емдей ме, қайдам, алдағы уақыт?
Бұзғанда сөздер араны жалған,
Ғайып болмай ма қолдағы бақыт?
Қолымнан келмей сезімге сену,
Бас тарттым екен бақыттан неше?
Қиындап барады өзіме келу,
Жаңылдым нендей бағыттан кеше?
Мазасыз күйде тынышым кетіп,
Отырғандаймын ұға алмай бәрін.
Көңілім толмай бұл ісіме түк,
Дұрыс емес деп ұрандайды арым.
Мінез бе? Иә, ұнамсыз, білем,
Болмысым осы, өзгермеймін де.
Қашанғы енді жыр-әнсіз жүрем,
Шабыттан өзім безгендеймін бе?
Ішімнен тынып келемін әлі,
Қалауын таппай көңілдің бейбақ.
Бойыма тұнған өнердің бәрі,
Алдамшы болып көрінді кей уақ.
Жеңілмей қайтем, жеңілу үшін,
Жазғырса даттап себепсіз бөтен?
Амалсыз артқа шегіну үшін,
Бір күні мен де дерексіз кетем...
Шаттығы кетіп, жыларман күйде.
Алыстан ғана қарайды мені,
Алдайды солай бұл арман кейде.
Асқынып іште жараны қалған,
Емдей ме, қайдам, алдағы уақыт?
Бұзғанда сөздер араны жалған,
Ғайып болмай ма қолдағы бақыт?
Қолымнан келмей сезімге сену,
Бас тарттым екен бақыттан неше?
Қиындап барады өзіме келу,
Жаңылдым нендей бағыттан кеше?
Мазасыз күйде тынышым кетіп,
Отырғандаймын ұға алмай бәрін.
Көңілім толмай бұл ісіме түк,
Дұрыс емес деп ұрандайды арым.
Мінез бе? Иә, ұнамсыз, білем,
Болмысым осы, өзгермеймін де.
Қашанғы енді жыр-әнсіз жүрем,
Шабыттан өзім безгендеймін бе?
Ішімнен тынып келемін әлі,
Қалауын таппай көңілдің бейбақ.
Бойыма тұнған өнердің бәрі,
Алдамшы болып көрінді кей уақ.
Жеңілмей қайтем, жеңілу үшін,
Жазғырса даттап себепсіз бөтен?
Амалсыз артқа шегіну үшін,
Бір күні мен де дерексіз кетем...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter