Өлеңдер ✍️
Мен сені сағынамын
Мен ұмытпадым,сенің күлгеніңді,
Күлімсіреп маған демеу бергеніңді,
Мен ұмытпадым дауысыңды.
Тұнық болған құлаққа сыңғырыңды,
Мен ұмытпадым сөздеріңді.
Сол жылдары айтқан серттерімді,
Уәдемді орындадым саған берген.
Жырларымды тастамадым сені сүйген,
Сен мені ақын қылдың сұлулықпен.
Сен маған қалам берген жылулықпен.
Сен мені бар қылдың бұл өмірде,
Мен сенің қанықпын ғой күлкіңе,
Әлі күнге іздеймін нұр жүзіңде.
Мен сені бұл күндері сағынамын,
Сендей сұлу жанды таба алмадым,
Ақ арманға апарардай қарағаның.
Сен мені тек досым деп санағаның,
Өкінбеймін өткен күнге жылдарғада,
Саған арнаған жастық шақты сырларғада,
Есіңе мені аларсың мәнермен өлеңімді
оқығанда.
Түсінгенде әр сөзімді саған қарай
ұмтылғанда,
Мен сені ұмытамын-ұмытамын...
Деп айтқалы қанша болды ұмытпадым.
Мен сені мәңгілікке ұмыта алмайм,
Сен туралы естелікті жоғалта алмайм.
Аз уақыт бөлінседе көрісуге,
Құдды тағдыр қалағандай бөлінуде,
Барша сөзді мен саған бағыттадым,
Қолымнан келері сол өлең жаздым,
Отырмын сол беті түн ортасы.
Сен болсаң шабытымның отын жақтың,
Сен менің өмірімнің жастық-шағы.
Махаббаттың алып ұшқан мөлдір бағы.
Менің бақытым үшін қымбат жаны,
Жүрек маған сөйлейді ұмытшы деп.
Сен мені ұмытпағың Дос болды деп,
Мен сені ұмытпаймын Ғашығым деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter