Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  423


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Ауылы Тарақтының

Мен туған ауыл,


Ауылы Тарақтының


Содан болар қанымнан сауаттымын


Ақыл берген ағалар секілденіп


Ізімнен ерген ініге жауаптымын


 


Тіршілігі қайнаған қым қуат күн


Біздің ауыл символы ынтымақтың


Қадіріне жете алмасам ауылдың


Қасиетсіз туылған ақымақпын


 


Көмек берген жылу жыйнап жақынға


Ақыл айтқан адам болу хақында


Батаңды бер, туған жерім қадірлім


Батаңды бер елден шыққан ақынға




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу