Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  672


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Ұжымдастар

Тіршілікте өткерер жұмыстарын


Жаныңа жақыны туысқаның


Қиыншылық тойларда сыр ақтарар


Жора жолдас өмірлік сырластарың


 


Бір сарында жүрмейді өмір жоспар


Тіршілікте сан түрлі қолданыс бар


Жаныңа жақын болар бұл жалған да


Күн ұзаққа бір болар ұжымдас бар


 


Бас болып басталарда көктем нұры


Журбада қауыз жарып көктем гүлі


Бір күн бар, бір күн жоқ сылбыр жүрер


Емес бұл ағайындар көптің бірі


 


Бас болып, жақындардан қолдау тапқан


Үш жыл бұрын ордаға жалын жаққан


Едукейшн атанып отау құрып


Редакция атымен тарихта таңы атқан


 


Өлең жырлар сыйлық үшін жолданат


Әділ басшы қараңғыда шам жағат


Құтты  болсын үш жылдық мерейлі күн


Құтты болсын Рысбекқызы Салтанат


 


Менеджерлер телефоннан бас алмай


Жылы сөйлеп әдептен де аса алмай


Мазасыздау ата-ана хабарласса


Жүр ау сірә телефоннан қаша алмай


 


Қарап көрші жарқырайма айналаң


Түрлі ойлар бастарында торлаған


Әзілдесіп біріне шабыт берген


Творческий тіршілігі бұл қайнаған


 


Құтты болсын ұжымдастар тойлаңдар


Өмір атты өр белесте ойнаңдар


Отыз жылдық мерей тойда барлығың


Жалт жұлт ете жақындарым жайнаңдар


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу