Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  335


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Күйбең тірлік

Күйбең тірлік


Досымды алып барады досымды алып


Балалықпен өткізген жасымды алып


Қу тағдыр деп қарманып жүргенім де


Кетпесе екен қапыда жанымды алып


 


Күйбең өмір


Күйдіріп кеткен тағдыр әкемді алып


Жотасында жартастың әні қалып


Сол әкемнің үмітін ақтай алсам....


Бақшасында ғұмырдың қауыз жарып


 


Күйік өмір


Адалдықтың ауылы алыс көшкен


Қай ақымақ қарманып қалды көштен


Арсыздықтың ауылын шарлап жүріп


Тікілейде Алла жайлы тура бөскен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу