Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  323


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Қара күз

Қауым жұрттың ішінде жалғызсырап


Қара күзде отырмын өлең сұрап


Қара қабір ішінде жалғыз жатқан


Әкетай менен көрі бақыттырақ


 


Құр шаттық бос күлкіге сенер елміз


Келеді деп бақытқа сенер елміз


Сор қайнаған әке боп тұрмау бүгін


«Ата» деп ойнамайды немереңіз


 


Тимеңдер тағдырыма талып жатқан


Жатсыз да, жақынсыз да таңым атқан


Біз ешкімді жалынып ап қалмаймыз


Біз сондай бейшарамыз әлімсақтан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу