Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2023
784
Өмірім-ай
Жүрмін алаңсыз барлығы дайын
тұрғандай.
Ертегіге еркін сенген әлі жас баладай,
Махаббаттың отына әлі мас баладай,
Мына жаңа заманда мен өзгермей
қалғандай.
Сыйдырмай бұл дүние күндеріне,
Жан-жақтан қысып жатқан кезеңім-ай,
Алаңсыз күліп ойнап өмір сүрген.
Бақытты да баянды бал күнім-ай,
Қайран менің балалық пәк шағым-ай.
Ескі мұңды қайта сезіп ескіркеп бір
қаламын.
Бұл өмірдің тек қарасын жолықтырып
шаршадым.
Ақ пен Қара өмір болса тек қарасын
көремін.
Болашақтың ақ отына әлі күнге сенемін,
Жағып кеткен қызыл алау қалармекен от
болып.
Болашақтың ошағында қалмаспекен шоқ
болып,
Ей болашақ!...
Ей болашақ!...
Өшірмесін отымды....
Бәлкім қайта жағып қалар сөніп қалған
шоғымды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter