Әңгімелер ✍️
20 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін – АҚШ-та бейресми түрде Ұлттық шие бәлішінің күні аталып өтеді. Бұл мереке, атауы айтып тұрғандай, америкалықтардың сүйікті тағамы – шие бәлішінің құрметіне арналған. Мейрам АҚШ-тағы Ұлттық шие айымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан екі бірдей мереке қатар тойланады деуге болады. Бұл мерекеде бәрі үйде немесе кондитерлік дүкендерде пісірілген шие бәлішінен дәм татады. Жергілікті тұрғындар дос-жарандары, әріптестері және көршілеріне бәліш ұсынады.
20 ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні тойланады. Әлеуметтік әділеттілік дегеніміз – жай ғана әдеп-қағидалары емес, ұлттық тұрақтылық пен жаһандық әл-ауқаттың негізі. Тең құқық, ынтымақтастық, адам құқығына құрмет көрсетудің арқасында ұлттар мен халықтардың әлеуеті арта түседі. Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдер 20 ақпанда ұлттық деңгейдегі шаралар өткізеді. Олардың бәрі әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған. Жыл сайын белгілі бір тақырыпқа басымдық беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter