Шығармалар ✍️
Сағындырған Әз-Наурыз
Наурыз айы басталғаннан-ақ жанымыз жадырап, еңсеміз көтеріле бастайды. Өйткені табиғатымыз оянып, тіршілік иелері қалың ұйқыдан тұрып, еңсесін тіктейді. Жер анамыз жылы құшағын айқара ашқандай тіршілік иелерін бауырына басып арқа-жарқа боп жататын кез. Елімізде Наурыз айының 1 ші жұлдызы алғыс айту күнін атап өтер болса, 8 ші жұлдызы «Халықаралық әйелдер» күнін кең көлемде атап өтеді. Ал Күн менен Түн теңесетін кезде айдың 22-сіне бүкіл халық болып тойланатын Наурыз мейрамы кеңінен таралған, еліміз үшін Жаңа жыл, Жаңа күн болып саналатын салт-дәстүрі жаңғыратын, ұлттық ойын, жарыстар ұйымдастырылатын, айтыс өнері мен ән айтылып, би биленетін үлкен мереке. Бұл мереке Наурыз айының 22 сінен бастау алып, сәуір айының ортасына дейін жалғасын табады. Республика көлемінде, облыстарды қамтитын қалалар мен аудандарда дүркіреп өтіп жатса, ауылдарда ұйымдастырылған Наурыз тіптен тамаша, естен кетпестей өтеді. Себебі туған жердің топырағында өткен Наурыз тойға не жетсін?! Онымен қоймай, жекелеген үйлер де арнайы бір күнді белгілеп шаңырақтарында құран оқытып, наурыз көже беріп жатады. Бұл үрдіс сәуір айының ортасына дейін, тіпті сәуірдің соңына дейін жалғасып жатады. Ия, расында да Наурыз мерекесі біздер үшін ерекше мейрам болып табылады.
Әр жыл сайын ерекше қуаныш сыйлап келетін Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, қазақ елі! Әрбір шаңырақта құт-береке орналып, бақыт құсы бастарынан таймасын! Ақ мол болып, төрт түлігіміз сай болсын! Әрбір үйдің қуаныштары еселеніп, іші жанға, сырты малға тола берсін!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter