Өлеңдер ✍️

  14.02.2023
  657


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Қуыспашақ



Есіңдеме балалық бақытты шақ

Тыным таппас балдырған сәбилік сәт

Біздер қуып жүргенде бірімізді

Жеткізбей кеткен екен уақыт шырақ




Жеткізбей келеді әлі армандарым

Келешекке ербеңдеп тарбаңдадым

Білмедім ау уақытпен жақын кетер

Неге мен тез өсуді армандадым




Бірі қашқан дүние бірі қуған

Пенде жоқ ау өмірде таза судан

Кешіре сал, Алла да кешірімді

Не таптың жақыныңа сазарудан




Мен жете алмай келемін адалдыққа

Дүние іздеу абасы надандық па

Жақынға жат болардай қу дүние

Қуыспашақ ақыры қараңдық па




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу