Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.02.2023
545
Жанарда бәрі.....
Көңіл мұңайып, жабырқап жаным
Итшілдік ғұмыр шаршады тәнім
Бақыттың құсы қашан келесің?
Шырқалсын бірге өзіңмен әнім
Пендемін менде өзіңдей ғана
Шабыт мұқалып, шаршайды сана
Ауыздан шықпай жүрген сөздерім
Түсінгің келсе көзіме қара
Жанарда бәрі жабырқау шағым
Көңілім шаршап, самарқау хәлім
Бақытты болып бақ табасың ба
Табысса маған тұла бой тәнің
Ұмытайықшы күйбең тірлікті
Былық тағдырым тағы шүйлікті
Қуантып алып үміт жағумен
Тұтатар қайта қайғы күдікті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter